СOVID-19: СҚО-да екі ауданның бас дәрігерлері қызметінен қуылды

СOVID-19: СҚО-да екі ауданның бас дәрігерлері қызметінен қуылды

СOVID-19: СҚО-да екі ауданның бас дәрігерлері қызметінен қуылды
ашық дереккөзі
280
Солтүстік Қазақстан облысында медициналық қызметкерлер арасында СOVID-19 жұқтырғандардың көбеюіне байланысты екі аудандық аурухананың бас дәрігерлері орындарын босатты. СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, орнынан алынғандардың бірі – Мамлют аудандық ауруханасының бас дәрігері Марина Коробкова. Бұл емдеу мекемесінде 28 қыркүйек пен 12 қазан аралығында 9 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. «Мамлют аудандық ауруханасында бірінші басшы тарапынан тиісті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың болмауынан екі апта ішінде 9 медицина маманы қауіпті ауруды жұқтырған. Аудандық ауруханада жеке қауіпсіздік бұйымдары жеткілікті және жұқтыруды болдырмау үшін талап етілген барлық жұмыс алгоритмдері бекітілген», - делінген баспасөз хабарламасында. Дәл осындай жағдай Ақжар аудандық ауруханасында да тіркеліп, бас дәрігері қызметінен алынды. СҚО санитариялық қызмет тексерісінің қорытындысына сәйкес Мамлют және Ақжар аудандық ауруханаларының бас дәрігерлерімен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін еңбек келісімшарты бұзылды. Алайда бұл дәрігерлер заңға сәйкес кез келген медициналық ұйымға бос жұмыс орнына орналаса алады.  

Серіктес жаңалықтары