Испания қалаларында карантиндік шектеулерге қарсы наразылық шеруі өтті

Испания қалаларында карантиндік шектеулерге қарсы наразылық шеруі өтті

Испания қалаларында карантиндік шектеулерге қарсы наразылық шеруі өтті
ашық дереккөзі
182
Испаниялықтар елде карантиннің күшейтілуіне қарсы наразылыққа шықты. Тәртіпсіздіктер екінші күнге ұласты, деп жазады korrespondent.net.  Барселонада өз талаптарын айту үшін көшеге шыққандар тәртіп сақшыларына тас атса, Логроньо қаласының тұрғындары дүкендерді тонай бастаған. Полицияға бағынбағандар қоқыс контейнерлерін де өртеді. Күш құрылымдары тәртіп бұзушыларды сабасына түсіру үшін резеңке оқ атып, күш көрсетуге мәжбүр болды. Жастарды бұл бассыздықты тоқтатып, ақылға келуге шақырған Испания үкіметінің басшысы Педро Санчес: "Тәртіпсіздік шешім емес. Тек санитарлық талаптарды орындап, бір-біріміздің денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау арқылы ғана елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз", - деді.  Айта кетейік, пандемия басталғалы Испанияда коронавирус жұқтырғандар саны 1,19 миллионнан асып жығылды. Елде індеттен 36 мыңға жуық адам қайтыс болды. Індеттің таралуын тоқтату үшін ел билігі коменданттық сағат енгізіп, тұрғындардың қозғалысын шектеді. Испаниялықтарға 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынды.    

Серіктес жаңалықтары