Әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО әкімі аппаратының қызметкері 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәліметінше, басқарма басшысының міндетін атқарушыға қатысты сот алды тергеу басталды. «Ол бұрын шарттары нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде ақшалай пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу қорытындысы бойынша қабылданады.