COVID-19: Қарағанды облысында блокпост қойылады

COVID-19: Қарағанды облысында блокпост қойылады

COVID-19: Қарағанды облысында блокпост қойылады
ашық дереккөзі
187
Елімізде эпидемиологиялық ахуал ушығып кеткен жағдайда басқа өңірлерде блокпостар қойылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты. «Бүгінгі күні өзге өңірлерге блокпост қоюдың қажеттілігі байқалып отырған жоқ. Тек Қарағанды облысында блокпост орнату жоспарланып отыр. Алайда, оның өзі блокпост емес, санитарлық бекет болуы мүмін. Бұл алдын алу шараларын арттыру аясындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы болатын», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, аталған өңірге қарасты Ақтоғай ауданында «Алтын алмаз» кәсіпорны қызметкері арасында коронавирустың өршу ошағы тіркелген. «Толықтай алғанда ел бойынша қазіргі жағдайға байланысты блокпосттар қою таяу уақыттың ішіне жоспарланып отырған жоқ. Тек эпидемиологиялық жағдай ушығып кетсе ғана қолға алынуы мүмкін», – деді Ерлан Қиясов.  

Серіктес жаңалықтары