Шетелден келген жолаушыларды оқшаулау мерзімі ұзартылды – Бас санитар дәрігер түсіндірді

Шетелден келген жолаушыларды оқшаулау мерзімі ұзартылды – Бас санитар дәрігер түсіндірді

Шетелден келген жолаушыларды оқшаулау мерзімі ұзартылды – Бас санитар дәрігер түсіндірді
ашық дереккөзі
231
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов әуе көлігімен келетін жолаушыларды оқшаулау мерзімі неге ұзартылғанын түсіндірді. «Сырттан келетін жағдайға қатысты проблеманы бақылауға алуға тырысып жатырмыз. Барлық сақтық ережесін сақтау қажетін адамдарға қанша рет түсіндіруге тура келді. Шетелге сапарлап, одан кейін елге оралған кезде тек өзіңізді емес, жақындарыңызды, ұшып келе жатқанда жаныңызда болатын адамдарды да ойлау қажет. Шекараға байланысты ұшу уақыты кемінде 5-6 сағатты құрайды», – деді Бас санитар дәрігер. Оның атап өтуінше, шетелден ұшып келетін отандастардың 80 пайызы ПТР тест тапсырып, елімізге анықтамамен келеді. Дәл осы азаматтар тарапынан ұшаққа ПТР анықтамасыз отыратын жолаушыларға қатысты мәселе туындап отыр. «Кез келген азаматта: «Ұшу барысында ПТР тест тапсырмаған, ауру жұқтырып алуы мүмкін көршім үшін отбасыма қауіп төне ме?» деген сауалдың туындауы заңдылық. Осыған орай, шектеу шараларын қатаңдатып, ПТР тесті жоқ азаматтарды ұшақ бортына кіргізбеуге міндеттеміз. Алайда, түрлі жағдайлар болатынын өздеріңіз де түсінесіздер және қазақстандықтардың елге кіруіне тыйым сала алмаймыз», – деді Ерлан Қиясов.  

Серіктес жаңалықтары