Луговая станциясы «Түрксіб» деп өзгерді

Луговая станциясы «Түрксіб» деп өзгерді

Луговая станциясы «Түрксіб» деп өзгерді
ашық дереккөзі
746
Луговая станциясы Түрксібтің 90 жылдығын мерекелеуге байланысты «Түрксіб» деп аталды. Бұл бастама ел тарихы үшін маңызды жобаға қатысқан құрылысшылар мен теміржолшылардың еңбегін мәңгі есте сақтауға бағытталған. Атап айтар болсақ, 1927 жылы 21 қарашада Луговая станциясында теміржолдың алғашқы рельстері салынды. Ал 1930 жылы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді. Осы жерде Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың қатысуымен құрылыс алаңының ресми ашылуы өтті.  width= Аңызға айналған магистраль сол кезде экономиканың дамуында маңызды рөл атқарды, ол үлкен аумақтың табиғи ресурстарын игеруге, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік берді. Түрксібті жаңа өмір жолы деп атады. Кейін магистраль бойында қалалар мен жұмысшы поселкелері пайда болды. Бүгінде Түрксіб тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Орта Азияның барлық республикаларының экономикасында маңызды орын алады. Қытайдан бастап Ресей, Орта Азия, Таяу Шығыс елдері арқылы және Еуропаға дейінгі бірыңғай Жібек жолына біріктіреді.

Серіктес жаңалықтары