«Дүйсенбілік футбол» ойындары жалғасуда

«Дүйсенбілік футбол» ойындары жалғасуда

«Дүйсенбілік футбол» ойындары жалғасуда
ашық дереккөзі
315
Осы аптада Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысының ТЖО, қала базарларының қызметкерлері бірнеше сағатқа қайта футболшыларға айналды. «Jas Otan» ЖҚ белсенділері жұмысшы жастар үшін «Дүйсенбілік футбол» турнирі аясында футболдан жолдастық матчтар ұйымдастырды. Бұл жолы еліміздің 5 өңірінде жасотандықтар ұйымдастырған турнирдің қатысушылары мен жеңімпаздары жасыл алаңда кездесті. Айта кету керек, ойыншылардың жасы 35 жастан аспайды, бұл басты талаптардың бірі. «Жолдастық» ойынға қарамастан, СОО мен базарлардың қызметкерлері әр доп үшін шайқасып, жекпе-жекке сенімді түрде кірісті және ойын уақытында өздерін белсенді жағынан көрсетті. Осылайша, олар бәсекелестіктің рухының жоғары деңгейін және командалық ойынды көрсетті. Қатысушылар «Дүйсенбілік футбол» турнирінің аяқталуына қарамастан, осындай достық кездесулерді өткізу жастардың рухын, ерік-жігерін және спорттық біліктілігін нығайтатынын атап өтті. «Біздің команда қатысқан алдыңғы турнир бір күндік іс-шара болып қана қоймай, жолдастық матчтар өз жалғасын тапқанына өте қуаныштымын. Біз осындай турнирлеге қатысқанымыз үшін қуаныштымыз, өйткені ол біздің командамыздың бірлігін нығайтады, дамуымыз үшін жаңа мүмкіндіктер береді», - деп турнир қатысушысы Мағжан Биахметов өз әсерімен бөлісті. Турнир ұйымдастырушылары жастардың жұмысшы санаттары арасында бос уақыттын ұйымдастыру – қоғамның  дамуы, жастардың интеграциясы мен қарым-қатынасы үшін өте маңызды екенін атап өтті. Турнир келесі жылы да жалғасын тауып, еліміздің барлық өңірлерін қамтитынын атап өткіміз келеді. «Биыл біз «Дүйсенбілік футбол» турнирін пилоттық режимде еліміздің 5 өңірінде іске қостық. Ол базарларда жұмыс істейтін жастар арасында ауқымды және жағымды пікірге ие болды. Турнир салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың бос уақытын тиімді өткізуге үлкен серпін береді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, базарлардың, СОО-ның өзге де командаларын біздің жолдастық матчтарға қатысуға шақырамын», - деп мәлімдеді «Jas Otan» Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Уали Болатбек.  width= Айта кетейік, карантин шараларына байланысты матчтар көрермендердің қатысуынсыз өтті.

Серіктес жаңалықтары