294
Сот үкімі: Bek Air жолаушыларға 34 млн теңге қайтаруға міндетті
Сот үкімі: Bek Air жолаушыларға 34 млн теңге қайтаруға міндетті
Алматыда Түрксіб аудандық соты ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің «Bek Air» АҚ әуе компаниясының тоқтатылған рейстерінің билеттерін қайтару туралы арызын қанағаттандырды.
Комитет 535 адамның 33,8 млн теңгесін даулаған болатын. Бір күн бұрын болған сот отырысында прокурор әуе компаниясынан тұтунышының еркінен тыс ұшпай қалған рейс билеттерінің құнын қайтару туралы сұраған болатын. Бұл - комитеттің әуе компаниясына қатысты беріп отырған үшінші арызы.
Айта кету керек, 16-26 қазанда апелляциялық коллегия «Bek Air» компаниясының шағымын қанағаттандырусыз қалдырған еді. Осылайша екінші, үшінші шағымдар заңды күшіне енді. Енді қаражатты қайтару «ҚР Атқару өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.
«Bek Air» әуе компаниясының жұмысына байланысты шағымдардың толастамауына орай комитет тағы да төртінші рет сотқа жүгінуі мүмкін.