Бағдат Мусин Қазақстанда қанша адам интернетпен қамтылғанын айтты

Бағдат Мусин Қазақстанда қанша адам интернетпен қамтылғанын айтты

Бағдат Мусин Қазақстанда қанша адам интернетпен қамтылғанын айтты
ашық дереккөзі
313
Елімізде 17,5 млн адам интернетпен қамтылған. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.  «Халықты толғандыратын ең басты мәселе – сапалы интернетке қолжетімділікті ұлғайту болып отыр. Еліміздегі 18,7 млн халқымыз 6500-ге жуық елді мекенде тұрады. Солардың ішінен 4 751 елді мекенде түрлі технологиялар бойынша (3G, 4G, оптика-талшық және т.б.) жалпы интернет бар деуге болады. Осылайша еліміздегі 17,5 млн халық интернетпен қамтылған», - деді министр. Бағдат Мусин интернет сапасын ұлғайту мақсатында қолға алынған екі ауқымды жобаға тоқталды. «Бірінші жоба «Ауылға оптика тарту» деп аталады. Осы жоба аясында 1257 ауылға оптикалық желілер тарту көзделген және 75 млрд теңге сомасында операторлардан инвестиция тартылған. Биыл пандемияға қарамастан 944 ауылға оптика желілерін тартамыз. Әзірге 835 елді мекенге оптика желілері жеткізілген, 3500 мемлекеттік нысанға – мектептер, ауруханалар, әкімдіктерге интернет тартылған. Бірақ интернет те су мен газ тартқандай болады. Мысалы, ауылға жалпы су келсе, оны ауыл ішінде тарату басқа мәселе. Сол секілді оптиканы да ауылға жеткіздік, ал ауыл ішіндегі үйлерге интернет жеткізу мәселесі басқа жоба аясында шешіледі. Осы жоба аясында Sharing келісімшартына қол қойды. Ол дегеніміз барлық үш мобильдік оператор үш құрылғы орнатпай, бір құрылғы арқылы қызмет көрсете алады», - деп түсіндірді ведомство басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін министр Қазақстан қалаларында 5G желісі қашан іске қосылатынын айтқан еді. Бағдат Мусиннің сөзінше, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы, ал облыс орталықтарында 2025 жылға дейін іске қосылмақ.  

Серіктес жаңалықтары