Шығыс – адалдық алаңы

Шығыс – адалдық алаңы

Шығыс – адалдық алаңы
ашық дереккөзі
820
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің ел тағдыры үшін маңызы ерекше.  Сол себепті де бұл мәселеге барынша көңіл бөлініп, аймақта жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделі қолданысқа еніп отыр. Соның бірі – «Шығыс – адалдық  алаңы» жобасы. 2019 жылы Ұлан ауданы әкімінің аппаратында жоба жұмысын жүзеге асыру мақсатында жұмыс тобы құрылған. Қордаланған мәселелерді көтеріп, аудан тұрғындарының талап-тілектеріне құлақ асып қана қоймай, проблемалардың оң шешімін табуына үлес қосу мақсатында бірқатар іс атқарған топтың жұмысы өз нәтижесін беріп отыр. Одан бөлек, халық игілігі үшін атқарылған жұмыстар да жетерлік.

Халыққа қызмет көрсету – басты назарда

Ұлан ауданының әкімшілігінде бөлім басшылары тұрғындарды жеке қа­былдайтын фронт-офис кеңсе ашылды. Бұл жоба мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын көрсетуге, ең бастысы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне, азаматтардың мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыруға бағытталған. Кеңседе аудан тұрғындарына мем­ле­кет­тік қызмет алуға көмек көрсеті­ле­ді, яғни кез келген азамат білім беру, ден­саулық сақтау, халықты әлеуметтік қор­ғау, сәулет, жер қатынастары, мемлекеттік кірістер, құ­қық қорғау және Ұлан ауда­ны­ның сот органдарына қатысты сұрақтар бол­ған жағдайда, әкімшіліктің бірінші қа­батында орналасқан фронт-офис кеңсеге жүгіне алады. Сонымен қатар биыл қыркүйеке «Шы­ғыс – адалдық алаңы» жобасы ая­сын­да ауданда сервистік әкімдіктер ашыл­ды. Ол жерде түрлі саладағы білікті ма­мандар – тұрғын үй коммуналдық шаруа­шылық, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, ауылшаруашылық бөлімдерінің мамандары, арнайы мониторинг тобының төрайымы халыққа бір терезе жүйесімен көмек көрсетеді. Сервистік әкімдік арнайы оргтехника, сапалы интернет, ана мен бала бөлмесі, су диспансері – бар­лық керек-жарақпен қамтылған. Қазақстан Республикасының Циф­р­лық даму, инновациялар және аэро­ға­рыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, қазір Ұлан ауданының жергілікті атқарушы орган­дары мемлекеттік қызметтердің 83 түрін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, 8 дербес бөлім, олар­дың ведомстволық бағынысты ұйым­дары және 16 ауылдық округтер мен кенттер әкімдіктері көрсетеді. 2020 жылдың 9 айында электрондық мем­лекеттік қызмет көрсету үлесі 90,9 пайызды құрады, оның ішінде электрондық үкі­мет порталының үлесі 80,8 пайызға тең. Қазіргі кезде Ұлан ауданы бойынша өз-өзіне қызмет көрсетудің 20 орыны жұмыс істейді, халыққа кеңес беру, қыз­мет көрсетуді өз саласының мамандары ат­қарып отыр. Биыл әкімдіктер мен ауыл­дық кітапханаларда орналасқан өзіне-өзі қыз­мет көрсету орындары арқылы жалпы са­ны 26 942 электрондық қызмет көр­се­тіл­ген.

Халықпен онлайн жұмыс та жолға қойылды

Қызметтерді онлайн түрде алу пандемия кезінде өз тиімділігін тағы бір байқатты. Халық арасында электрондық үкімет порталының сервистерін (mgov, Telegram, ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль бойынша) қолдана отырып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүр­гізіліп отырады. МО ИРБП сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының орналасқан жері туралы мәліметтер орна­ластырылған. Бұл жұмыстар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға да өз ық­палын тигізетіні анық. Сонымен қатар онлайн шаралар, сайтпен жұмыс та жолға қойылған. Аудан әкімінің ресми сайтында және ішкі сая­сат бөлімінің Facebook әлеуметік же­лісінде мақалалар үзбей жарияланып отырады. Атап айтсақ, 2020 жылғы 2 наурызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар», 2020 жылғы 15 сәуірде «Сы­байлас жемқорлықпен күрес – біздің ортақ парызымыз», 2020 жылғы 18 мамырда және 2020 жылғы 16 шілдеде «Адалдық сағаты» туралы мақалалар сайтқа орналас­тырылды. 2020 жылғы 1 қыркүйекте ішкі саясат бөлімінің Facebook әлеуметік же­лі­сін­де әділдікке үндеген Қожа Яхмет Ясауи тақырыбында «Адалдық сағат» өткі­зілді. 2020 жылғы 26 тамызда ШҚО заң кеңес­шілері палатасының заңгері Дархан Ақ­пановпен akimat_ulan инстаграм әлеу­мет­тік парақшасында тұрғындар арасында тікелей эфир өткізіліп, қатысу­шылардың арасынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. 2020 жылғы 24 қыркүйекте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрхат Садықов осы парақшада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі саясаттың іс-қимылы» атты тікелей эфир өткізді. Тұр­ғын­дар көкейлерінде жүр­ген біраз сұрақ­тарға жауап ала алды.

Жемқорлықты жоюға бағытталған жобаның берері көп

2020 жылғы 4 наурызда «Шығыс – адал­дық алаңы» жобасын жүзеге асыру шең­берінде аудан әкімінің №12 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Ал тамыз айында жұ­мыс тобының жұмысын жандандыру мақ­сатында топ құрамы біршама өзгертілді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг тобының 2020-2021 жылғы жос­пары қайта қарастырылып жатыр. Жұмыс тобы аудандағы көптеген ны­санды тексеріп, жұмыс барысын жан-жақты қадағалайды. Мәселен, Айыр­тау ауылдық округіндегі мәдениет үйі­нің құрылыс жұмыстарына тексеру жүр­гізіліп, мердігерге тиісті ескертулер жасалды. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар тү­зетілді. Сондай-ақ Таврия ауылындағы ор­талық аудандық аурухананың жұмысы тек­серілді. Қыркүйек айында жаңа оқу жы­лына дайындық барысы қадағаланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Ауданның дербес бөлімдері «Шығыс – адал­дық алаңы» жобасына  алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетіп отыр. Аудан әкі­мінің аппараты, дербес бөлімдер,  ауыл­дық округ әкімдіктері ай сайын, тоқсан сайын «Шығыс –адалдық алаңы» жобасы­ның 2020 жылға бекітілген жұмыс жоспары негізінде жұмыс атқарады. Болашақтың негізі – жастар. Аталмыш жобаның жұмысынан олар да тыс қалмайды. Аудандық «Жастар ресурс­тық орталығы» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында тұр­ғын­дар арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты акция ұйымдастырылып, әртүрлі бук­леттер мен кітапшалар таратылды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті насихаттау мақсатында Ұлан ауданының жастар ре­сурс­тық орталығы тікелей эфир өткізді. «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының үшінші «Тұрмыстық сыбайлас жемқор­лық­ты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау» блогына сәйкес, ауданның білім мен тәрбие беру мекемелерінің бас­шы­лары дербес жауапкершілік туралы құжатпен таныстырылды. Білім бөлімінің мем­лекеттік қызметкерлері де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облы­сындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қабылданған Парасаттылық декларациясын талдады. «Ашық мектеп – ашық бюджет» жоба­сының жоспарына сәйкес, білім беру меке­мелерінің ақпараттық тақталарында бюджеттен бөлінген жылдық қаражат, мем­лекет­тік сатып алу, демеушілік шоттар, мұғалімдердің тарификациясы, штаттық кесте, ақылы қызметтер туралы ақпарат ілінген. Ауданның білім беру мекемелерінде демеушілік шоттар ашылған.

Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей

Ұлан ауданының білім беру мекемелерінде «Адалдық дүкені» жұмысы жүзеге асырылды. Дүкендер мектеп жанындағы асханада немесе оқушыларға қолжетімді жер­лерде ашылды. Мақсаты – оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа, адамгершілікке үйрету. Бұл дүкеннің басты ерекшелігі – сату­шысы жоқ. Қазір карантинге байланыс­ты «Адалдық» дүкенінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Ұлан ауданының білім беру мекемелерінде «Парасаттылық мектептері» жұмыс істейді. Жауаптылар тағайындалып, жұмыс жос­парлары бекітілген. Парасаттылық мек­тебінің мақсаты – тыңдаушылар бойында адамгершілік қасиетті, адалдық пен мәде­ниеттілікті қалыптастыру. Сонымен қатар сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы көзқарас және құқықтық сана қалыптастыруға, адалдыққа, тәртіп­тілікке тәрбиелеуге бағытталған «Адалдық са­ғаты» бірыңғай сағаттары өткізілді. «Адал­дық сағаты» сапалы біліммен қатар жас ұрпақтың бойында адалдық пен әділдік, адам­гершілік және отансүйгіштік қасиет­терін дамыту, парасаттылық, сенім құнды­лықтарының маңызын түсіндіруді мақсат етеді. Одан бөлек оқушылардың құқықтық білімін және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында балалардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, әртүрлі сайыстар, олимпиадалар, викториналар, құқық қорғау органдарының, сот қызметкерлерінің және Қазақстанның құрметті азаматтарының қатысуымен семинар тренингтер, акциялар, кітап көрмелері, ақпараттық-құқықтық үгіт парақтарының таратылуы, әңгімелер, сурет сайыстары ұйымдастырылды. Аталмыш бағыттағы іс-шаралар 2019-2020 оқу жылының 4-тоқсанында және 2020-2021 оқу жылында қашықтық форматында жүзеге асырылып жатыр. Атап айт­сақ, білім беру мекемелерінің «Адал ұрпақ» клубтары мүшелерінің және «Парасаттылық мектебі» мүшелерінің көмегімен «Біз жем­қорлыққа қарсымыз» челлендждері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты үндеуі, «Мен жемқорлыққа қарсымын», «Сыбайлас жем­қорлық балалар көзімен» сияқты әлеуметтік роликтер көрсетіледі. Сонымен қатар «Жем­қорлықсыз болашақ», «Жемқорлыққа жол жоқ» сурет сайыстары мен көрмелері, тәр­бие сағаттары, «Адалдық – асыл қасиет» эссе жазу және шығармалар сайыстары ұйым­дастырылды. Елжандылық пен адамгершілікке тәр­биелеу және жемқорлыққа қарсы мәдениет­ті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданның 31 білім беру ме­кемелерінде «Адал ұрпақ» клубтар ас­социа­циясы құрылған. Әр мектепте клуб жұмысын жүргізетін жетекшілер сайланған, жұмыс жоспары құрылып, негізгі міндеттері белгіленген. Онымен қоса клуб үшін арнайы сыныптар бөлінді, «Парасатты азамат» бұрыштары әзірленген. Ұстаздың мәртебесі қашанда биік, ал бәсекеге қабілетті, білімді ұстаздар қашанда сұранысқа ие. Сол себепті де ауданның білім беру мекемелеріне қажетті педагог­тер тізімі әрдайым жұмыспен қамту орталығына, білім басқармасына, облысы­мыздың педагогикалық мамандықтар даярлайтын оқу орындарына жіберіліп отырады. Мектеп басшылары ата-аналар ұжы­мы алдында онлайн түрде (zoom, WhatsApp, буклеттер тарату) бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау туралы тұрақты түрде есеп береді. 2020-2022 жылға білім беру мекемелеріндегі бюджетті жоспарлау және мақ­сатты игеруді тексеру мақсатында «Ұлан ауда­нының білім бөлімі» ММ тарапынан мо­ниторинг жүргізу жоспарланып отыр.

Болатбек МАМАРБАЕВ

Серіктес жаңалықтары