255
Қызылордалық диқандар күріштің рекордтық өнімін жинады
Қызылордалық диқандар күріштің рекордтық өнімін жинады
Биыл Қызылорда өңірінде суармалы су тапшылығы бұрынғыдан да өткір болып отыр. Бірақ, суармалы суды тиімді пайдаланудың арқасында уақтылы қабылданған шаралар залалды азайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, облыс аграрийлері ағымдағы жылы жақсы өнім жинап қана қоймай, күріштің шығымдылығы мен жалпы түсімі бойынша рекорд орнатты, орташа есеппен 1 гектардан 61,8 центнерден күріш жинап, осылайша, ел қоймасына 551 мың тонна күріш салды.
Салыстыру үшін, 2019 жылы Қызылорда облысының аграрийлері 1 гектардан орта есеппен 60,3 центнерден күріш жинап, күріш дәнінің жалпы өнімін 530,5 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.