479
Допингпен ұсталды
Допингпен ұсталды
Бұдан 4 жыл бұрын Лондон Олимпиадасында чемпион атанған поляк ауыр атлеті Адриан Зелиньски Риода допинг пайдаланғаны үшін қолға түсіп қалды. Тексеріс оның ағзасында нандролон бар екенін анықтады.
«Не болғанын өзім де түсінбей тұрмын, – деді атлеттің өзі. – Құдды түс көрген сияқтымын. Басқа айтар сөзім жоқ. Мен 10 жыл өз елім үшін жаттықтым, 20 жылды жаттығумен өткіздім, бірақ ешқашан допинг пайдаланған жоқ едім. Міне, күтпеген жерден мынадай дақпырт шығып жатыр». Спортшы Риоға келер алдында үш рет тексерілгенін, бәрінде қорытынды дұрыс болып келіп, Олимпиада кезінде ғана оның оң нәтиже көрсеткенін атап өтті.
Зелиньски Лондон Олимпиадасынан кейін 2014 жылы Еуропаның да үздігі атанған болатын.