Қазақстан мен Моңғолия арасында парламентаралық ынтымақтастық нығаюда

Қазақстан мен Моңғолия арасында парламентаралық ынтымақтастық нығаюда

Қазақстан мен Моңғолия арасында парламентаралық ынтымақтастық нығаюда
ашық дереккөзі
Бүгін  Моңғолияның  Мемлекеттік Ұлы Хуралында Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Ж.Әділбаев Қазақстан мен Моңғолия парламентаралық тобының төрағасы Бәделхан Қабдысіләмұлымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы парламентаралық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауы туралы және алдағы сайлаудың кейбір ерекшеліктері жайлы қысқаша айтты. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы жайлы да талқыланды. Тараптар қазіргі кездегі COVID-19 пандемиясының карантиндік шектеулеріне қарамастан, достық қатынастарды сақтау мақсатында бар күш-жігерін қолдануда. Кездесудің нәтижесінде  Мемлекеттік Ұлы Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықты одан ары дамытуға атсалысатынын жеткізді. Аап айтқанда, экономика, білім беру, сауда, мәдениет, дін салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және дамытуға дайын екендерін білдірді.  width=