«Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өтті

«Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өтті

«Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өтті
ашық дереккөзі
200
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өтті.  width= Нұр-Сұлтан қаласында өткен алғашқы форумға барлық облыстан қазақ тілін жатық білетін, күнделікті тұрмыста қолданып, мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жүзден астам делегация келді. 130-дан астам ұлт жастарының арасында қазақ тілін жетік меңгергендердің көптігі байқалды. Форумның мақсаты - мемлекеттік тілді Қазақстандағы түрлі этностар арасындағы ұлтаралық қатынас тілі ретінде насихаттау. Тіл форумынан кейін «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» челленджі басталып, Алматы қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында жалғасын тауып, эпидемия жағдайында қалған аймақтарда онлайн форматта жүзеге асты.  width= Сондай-ақ, Ассамблея Төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев сөз соңында қазақ тілін үйреніп жүргендерге зор алғысын білдіре отырып:
«Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Кез келген мемлекеттің өзегі – оның бірегей мемлекеттік тілі. Бүгін мен қазақ тілін меңгеріп, оқып жүргендерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Өз балаларын Отанының мемлекеттік тілінде оқытып, қазақ тілін білуі үшін балабақшаларға беріп жатқан ата-аналарға да алғысым шексіз. Бұл біздің бірегей азаматтығымызды білдіреді» деген болатын.
Елімізде 2014 жылдан бері этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін осындай оқыту курстарынан 81% этнос өкілдері оқудан өтіпті. Жалпы, 2011 жылдан бастап Мемлекеттік тіл оқыту орталықтарында жарты миллионнан астам ел азаматтары (513 624) қазақ тілі курстарын оқып шыққан. Форумға, сондай-ақ, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, тіл жанашырлары, ҚХА мүшелері мен жастар ұйымдары қатысып, шара барысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісе келе, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жолдары туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.  

Серіктес жаңалықтары