Қазақстанда сатылған ең қымбат және ең арзан көліктер рейтингі жарияланды

Сондай-ақ!

Павлодарда баласын аялдамаға тастап кеткен ата-ана іздестіріліп жатыр

Полиция мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Pavlodarnews.kz "Павлодар қаласы VITA іздеу жүйесі" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцева сәбидің туған-туыстары...

Құны 4 миллион теңге тұратын маска сатылымға шықты

Пандемия басталғалы бетперде (маска) тағу күнделікті дағдымызға айналды. Қазір кез келген қоғамдық жерде маска тағу міндетті талап болып отыр.  Мұны сәнгерлер де тиімді пайдаланып,...

Марадонаның ұлы жансақтау бөлімінде жатыр

Диего Марадонаның ұлы коронавирустан емделіп жатыр. Ол әкесінің қайтыс болғанын өзіне хабарласқан журналистен білген.  25 қарашада қайтыс болған Диего Марадонаның ұлы реанимацияда жатыр. Бұл туралы...

Нил Уотсон: журналист әрқашан ақпараттың шынайылығы мен сапасына жұмыс істеуі керек

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне британдық журналист, сарапшы Нил Уотсонмен онлайн кездесуде осындай кеңес берді. Халықаралық сауда, бизнес, мәдениет тақырыптары...

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы биылғы 9 айда автокөлік нарығының бағасына қатысты есепті жариялады.

«Есепті кезеңде қазақстандықтар 555,2 млрд теңге 61 336 жаңа жеңіл және жеңіл коммерциялық автомобиль сатып алды. Осы жеңіл көліктердің орташа құны 10,5 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 17 пайызға өсті. Бұл тұрғыда қазақстандық өндірушілердің ұсынып отырған өнімі нарықта ең қолжетімді болып тұр. Отандық өндіріс көлігінің орташа бағасы 7,6 млн теңге шамасында. Импорттық автокөліктің сегментінде тиісті көрсеткіш 13,8 млн теңге деңгейінде байқалды», – делінген хабарламада.

2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша сатып алушылардың төрттен бірінен астамы (31,1%) 5 млн теңгеден қымбат емес көлікті таңдады. Бір жыл бұрын осы сегментке нарықтың 27,7 пайызы тиесілі болды. 5-7 млн теңге тұратын 21,9 пайыз техника (13 409 көлік) өткізілді.

Сонымен қатар жаңа көлік алғандардың 15,4 пайызы 7-10 млн теңгенің автомобильдеріне назар аударды. Бизнес (10-15 млн теңге) әрі премиум санаттағы (15 млн теңгеден астам) сегменттер сәйкесінше 20,6 пайыз (12 604 көлік) және 11,1 пайызды (6 779 көлік) қамтыды. Жалпы, 10 млн теңгеден қымбат техниканың үлесі 6,4 пайыздық пунктіге төмендеді.

Ең қолжетімді жеңіл көліктердің ондығында негізгі позициялар қазақстандық кәсіпорындарға тиесілі болды. Бағасы арзан көліктердің арасында Lada Granta көш бастады, оның құны 3 млн теңгеден басталады. Сонымен қатар, осы ТОР-10 құрамына Chevrolet Nexia (3,2 млн теңге), Ravon R2 (3,8 млн теңге), Ravon R4 (3,8 млн теңге), Chevrolet Cobalt (4,2 млн теңге), Lada 4×4 (4,3 млн теңге), Lada Vesta (4,6 млн теңге), Lada XRAY (5 млн теңге), JAC S3 (5 млн теңге) және Lada Largus (5,3 млн теңге) енді.

Ал ең қымбат көліктердің рейтингісінде Mercedes-Benz G-класс (110 млн теңге), Porsche 911 Turbo (82,7 млн теңге), Audi A7/А8 (79 млн теңге), Mercedes-Benz GLC-класс (56 млн теңге), Porsche Cayenne (53,7 млн теңге), Audi e-tron (50 млн теңге), Lexus LX (49,2 млн теңге), Mercedes GLE-класс (49 млн теңге), Land Rover Range Rover (44,9 млн теңге) және BMW 8 серия (42,9 млн теңге) тіркелді.

 

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

«Makyol» түрік компаниясы Алматы облысының инфрақұрылымын жақсартуға ниетті

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов "Makyol" түрік компаниясының өкілдерімен кездесіп, Алматы маңындағы...

Павлодарда баласын аялдамаға тастап кеткен ата-ана іздестіріліп жатыр

Полиция мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі....

Құны 4 миллион теңге тұратын маска сатылымға шықты

Пандемия басталғалы бетперде (маска) тағу күнделікті дағдымызға айналды. Қазір кез келген қоғамдық...
Марадона

Марадонаның ұлы жансақтау бөлімінде жатыр

Диего Марадонаның ұлы коронавирустан емделіп жатыр. Ол әкесінің қайтыс болғанын өзіне хабарласқан...

Нил Уотсон: журналист әрқашан ақпараттың шынайылығы мен сапасына жұмыс істеуі керек

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне британдық журналист,...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...