ҚР банктерінен алынған қарыз - 4 триллион теңге

ҚР банктерінен алынған қарыз - 4 триллион теңге

ҚР банктерінен алынған қарыз - 4 триллион теңге
ашық дереккөзі
223
Қазақстандық банктерден алынған қарыздың жалпы көлемі – 4 триллион теңге. Алматыда «Коллекторлық қызмет туралы» заңды талқылау барысында банк пен борышкер арасындағы қарым-қатынастың неліктен суитынына куә болдық.  Мысалы, «5 миллион қазақстандық екінші деңгейлі банктерден несие алған. Теңгеге шаққанда, алынған несиенің жалпы сомасы 4 триллион теңге», – деді ҚР Ұлттық банкі Қаржы нарығының әдіснамасы департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахманов. Қарыз алушылардың ішінде қарызын 90 күннен астам уақыт бойы төлемегендердің саны – 1 миллион 40 мың. Тұтынушылық кредит алғандардың саны – 661 мың 778 адам. Бұл шамамен қарызын төлемей жүрген адамдардың 66 пайызын құрайды. Мерзімі өткен қарыздың көлемі – 306 миллиард теңге. Барлық проблемалық қарыз алушылардың 64,1 пайызы жасырынып жүр. Қарызын қайтаруға ниеттілердің сана – 23,2 пайыз ғана. Олай болса банктер коллектор қызметіне жүгінбегенде қайтеді? Бірақ бас ал десе, шаш алатын казақстандық коллекторлар қызметін асыра орындайтыны баршаға мәлім.

Серіктес жаңалықтары