217
Олимпиаданың төртінші күні
Олимпиаданың төртінші күні
Олимпиаданың төртінші күні жарыс жолына дзюдошы қызымыз Мариан Урдабаева, академиялық ескек есушілер Владислав Яковлев пен Светлана Германович, жүзуші Дмитрий Баландин, ауыр атлет Карина Горичева және боксшы Иван Дычко шығады.
Мариан Урдабаева жарыс жолына кешкі сағат 19:00-де, Владислав Яковлев, Светлана Германович 21:10-да, Дмитрий Баландин 22:50-де, Карина Горичева 00:30-да және Иван Дычко түнгі 02:00-де шығады. Бәсекелерді Қазақстан және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Олимпиаданың алғашқы 3 күнінде 1 күміс 2 қола иеленген Қазақстан ұлттық құрамасы 23-орында келеді. Алғашқы үштікке АҚШ (19 – 5, 7, 7), Қытай (13 – 5, 3, 5) және Аустралия (7 – 4, 0, 3) құрамалары жайғасты.