247
Путин мен Эрдоған кездесті
Путин мен Эрдоған кездесті
Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған екі елді қайта достастыратын кездесу өткізіп жатыр. Санкт-Петербургтегі кездесу қарсаңында Эрдоған Ресеймен қайта достасқысы келетінін мәлімдеген еді.
"Ресей-түрік қарым-қатынасының жаңа тарауы басталды. Бұл тарауда әскер, экономика, мәдениет салаларында әріптестік туралы айтылады", — деді Эрдоған ТАСС-қа берген сұхбатында.
Түрік-сирия шекарасында ресейлік әуе күштерінің ұшағы атып түсірілген соң, екі ел араздығы арта түскен еді. Ресей оған жауап ретінде экономикалық санкциялар енгізді. Биылғы жарты жылда Түркияда ресейлік туристер саны 87 пайызға қысқарды.
Екі президенттің кездесуі Анкара мен Батыс елдері қарым-қатынасы қиындаған шақта өтіп жатыр. Бұл қиыншылықтар Түркияда сәтсіз әскери төңкерістен кейін туындаған еді. Анкараның пікірінше, Батыс бүлікке емес, Түркия билігінің оған жауап ретінде қолданған шараларына шамадан тыс мән беріп отыр.