Карантин: Комиссия бірқатар шектеу шараларын жеңілдетті

Сондай-ақ!

Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді

Бүгін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental бос белбеуі үшін бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО)...

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз қаласындағы Қойгелді көшедегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатыры өртенді. «Өрт тұрғын үйдің...

«Қызыл аймақ». Шығыс Қазақстанда індет күннен-күнге өршіп барады

Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Ресми портал ұсынған дерекке сүйенсек, республика бойынша қауіпті «қызыл аймақ» санатындағы өңір Шығыс Қазақстан облысы...

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өліміне кінәлі жас ана қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаменті хабарлады деп жазады Tengrinews.kz. тілшісі. Колледжде оқитын...

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес COVID-19-бен күресудің қосымша шаралары қаралды.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, зертханалық қызметтер мен жеке қорғану құралдарының баға саясатына мониторинг жүргізу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С. Жұманғарин, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, өңірлердегі ахуал туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов пен Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов баяндады.

Қазақстанда биылғы 18 қазандағы жағдай бойынша коронавирусты жұқтырған 102 адам тіркелді (өсу қарқыны – 0,09%), жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 16%-ы пайдаланылуда. 2020 жылғы 14-18 қазан аралығындағы репродуктивтілік көрсеткіші 1,03%-дан 0,96%-ға дейін төмендеді. Соңғы 3 аптада елімізде 17 мыңға жуық рейд жүргізіліп, 7 мыңнан астам карантин режимін бұзу фактісі анықталды.

Үкімет басшысы тұрғындардың әлі күнге дейін коронавирустың қаупінен толық сақтанбайтынын, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау режимі мен әсіресе, қоғамдық орындар мен көліктерде міндетті түрде маска тағу мәселесінде санитарлық талаптардың жеткілікті сақталмайтынын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет басшысы азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды және санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

ВАК бірқатар шешім қабылдады:

І.Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту  2020 ж. 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту; Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу; шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу.

II.ПТР-тестілеу 2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

III.Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, «жасыл» тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандыру 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

IV.Шектеу шараларын сақтау. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Бермуд үштағаны

100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалып кеткен кеме табылды

Зерттеушілер мен теңіз археологтарының тобы 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жұмбақ күйде...
Кәсіпкер

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай...

Шынар КЕНДІН: Маңғыстаумен мақтанамын!

https://youtu.be/IqsBbA-xlCM Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ
көп балалы ана

Азаматтығы жоқ, баспанасы жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Өзбекстаннан келген қандасымыз Наргиз Ташкенбаева төрт баланың анасы, жұмыссыз, балаларға арналған әлеуметтік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...