Қазақстан түрмелерінде қанша адам отыр

Қазақстан түрмелерінде қанша адам отыр

Қазақстан түрмелерінде қанша адам отыр
ашық дереккөзі
Еліміз сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 100-орында тұр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.  Комитет төрағасының айтуынша,18 жыл бұрын Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте АҚШ және Ресейден кейін үштікке кірсе, бүгінде 100-орында тұр. Сондай-ақ, Жанат Ешмағамбетов соңғы 9 жылда Қазақстанда түрме тұрғындарының саны 2 есеге жуық, 57 мыңнан 30 мыңға дейін азайғанын атап өтті. "Бүгінде еліміздің пенитенциарлық жүйесінде 82 мың мекеме бар. Оларда 30 мыңнан астам сотталушы және тергеу барысында тұтқынға алынған адамдар отырады. Атап айтқанда, 66 калонияда режимнің әр түрімен шамамен 25 мың адам ұсталады және 16 тергеу орнында 5 мыңнан астам тергеуі барысында тұтқынға алынған адам отыр", - деді Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы.