208
Жалағаштық диқандар күрішті 4 мемлекетке экспорттай бастады
Жалағаштық диқандар күрішті 4 мемлекетке экспорттай бастады
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының диқандары күрішті Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанға экспортқа шығара бастады.
Биыл ауданда 36,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның күріш 21,6 мың гектарында күріш өсірілді. Жергілікті диқандар күрішті толықтай орып, оны бастырды.
Жыл басынан бері ауданнан экспортқа 5 067 тонна күріш шығарылды. Оның ішінде Ресейге 1 673, Қырғызстанға 680, Өзбекстанға 2 306, Тәжікстанға 408 тонна жөнелтілді. Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндіру әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің болжамына сәйкес 19,5 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.
«Ауданда күріш саласындағы ірі кәсіпорынның бірі «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС өңірде 42 шаруашылық нысанымен 1 млрд 28 млн теңгеге фьючерс келісімшартан жасады. Ол 14 692 тонна. Оның ішінде, аудандағы 22 шаруашылық 364 млн теңге немесе 5 201 тонна қара күрішке фьючерс келісімшартын жасады. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдары келісім-шартқа сәйкес күріш өткізуде», - деді аудан әкімі Асылбек Шәменов.