18 Қазан, 13:35 343 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алматыда қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі өзгерді

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

17 қазанда «Талап Т» ЖШС қарасты №7 маршрутына өзгеріс енгізілді. Енді бұл маршрут Мақатаев көшесінен Қайырбеков көшесіне бұрылып, Гоголь көшесіне дейін жүретін болды. Бұл туралы Алматы көлік холдингі хабарлады.

19 қазаннан бастап «Мадина» ЖШС қарасты №25 маршрутына өзгеріс енгізіледі. Енді троллейбус Абай көшесінен Байтұрсынов-Гоголь-Сейфуллин-Мақатаев шаршысын аралап қайтадан Байтұрсынов көшесіне түседі. Сонымен қатар, бұл маршруттың соңғы аялдамасы да басқа нүктеге ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар