17 Қазан, 17:45 734 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Интернет арқылы жүргізуші куәлігін сатып келген алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтанда полицейлер интернет арқылы жүргізуші куәлігін жасау қызметі туралы хабарландыру жариялаған алаяқты ұстады. Бұл жайында Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

«Алаяқ көшеде ұсталды. Тəртіп сақшылары оның үйін тінту кезінде мөр, 75 сим-карта, тағы да басқа заттарды анықтады. Сенімге кіру үшін 40 жастағы ер адам тапсырыс берушілерге жеке куәлігін көрсеткен, алайда тексеріс барысында құжаттың бұрын алаяқтың құрығына түскен бөтен адамға тиесілі екені анықталды», – делінген ведомство ұсынған хабарда.

Ал қызмет ақысын алаяқ электрондық әмиянға аударуды сұраған. Төлем жасалғаннан кейін байланысқа шықпаған.

Дәл осы жүйе бойынша алаяқ жыл басынан бері алты азаматты алдап үлгерген. Бірақ жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Ақпараттық жүйені қолданушыға қатысты алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Егер сіз аталмыш алаяқтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз: 102, 71-63-35, 71-66-10, 8-747-620-57-93.

 

Соңғы жаңалықтар