Алматы облысында карантин шаралары күшейді

Алматы облысында карантин шаралары күшейді

Алматы облысында карантин шаралары күшейді
ашық дереккөзі
223
Алматы облысында карантин қатаңдатылып, бірқатар шектеу шаралары қабылданды. Бүгін Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов карантинді күшейту жөніндегі жаңа қаулыға қол қойды. Бұл құжат 19 қазан таңғы сағат 07.00-ден бастап күшіне енеді. Атап айтқанда, түнгі клуб, бар, кинотеатр, караоке, бильярд, аттракциондар, интернет клубы, антикафе, батут, балалар алаңдары, толымдылығы 50 адамнан асатын мейрамханалар мен банкет залдарының жұмысына тыйым салынды. Қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге тиіс. Бір отбасы мүшесі болмаса, жалпы үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. «Қазпошта» бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктер таңғы 9.00-ден кешкі 18.00 дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан кісілердің сыртқа шығуына шектеу қойылады. Қаулының толық мәтінімен таныса аласыздар.

Серіктес жаңалықтары