Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтіледі

Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтіледі

Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтіледі
ашық дереккөзі
227
Коронавирустың таралуын шектеу мақсатында 18 қазаннан бастап Павлодар облысында карантин шаралары күшейтіледі.  Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің  қаулысына сәйкес, ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындарына (ашық ауада қызмет көрсетуді қоспағанда) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Нысандардың толымдылығы 30 орыннан аспауы, әлеуметтік ара қашықтық және үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық, бір үстел басына 4-6 адамнан отырғызу талаптары сақталуы шарт. Өңірде ұжымдық, салтанатты, отбасылық, және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін шектелді. Фитнес-орталықтары, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтары да 30 пайыздық толымдылықпен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал сауда орталықтарының, сауда үйлері, сауда желілеріне 18.00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілді. Айта кетейік, өткен тәулікте Павлодар облысында 12 адамнан індет анықталды. Пандемия басталғалы өңірде 4027 адам коронавирус жұқтырған. Дерті асқынған 56 науқас көз жұмды. Еске сала кетсек, бүгіннен бастап СҚО-да қосымша шектеу шаралары енгізілді. Өңірдегі сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендердің, моншалар мен сауналардың жұмысы сағат 22.00-ге дейін қысқарды. Сондай-ақ, Петропавлда демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтап, саябақтарға, бақтарға, өзен-көлдердің жағасына барып демалуға тыйым салынды. 14 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда да карантин күшейтілді.  Меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан елордадағы барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60% қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруге міндеттелді. Бұдан бөлек, қаладағы бірқатар нысандардың жұмыс уақыты қысқарды.

Серіктес жаңалықтары