COVID-19: Ресейде алғаш рет бір тәулікте 15 мыңнан астам адамнан індет анықталды

COVID-19: Ресейде алғаш рет бір тәулікте 15 мыңнан астам адамнан індет анықталды

COVID-19: Ресейде алғаш рет бір тәулікте 15 мыңнан астам адамнан індет анықталды
ашық дереккөзі
353
Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 15 150 жаңа дерегі тіркелді. Пандемия басталғалы елде вирус жұқтырушылардың тәуліктік өсімі 15 мыңнан асып отыр. Бұл туралы Ресейдің індетпен күрес жөніндегі жедел штабының Telegram-каналында хабарланды. Індет жұқтыру деректерінің көбі Мәскеуде (5049), Санк-Петербургте (647)  және Мәскеу облысында  (448) тіркеліп отыр. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде 8485 адам емделіп шығып, 232 адам көз жұмғаны белгілі болды. Пандемия басталғалы Ресейде барлығы 1 369 313 адам індет жұқтырды. Науқастардың 1 056 582-сі емделіп шықты. Ал дерті асқынған, 23 723 адам қайтыс болды. 

Серіктес жаңалықтары