Мәслихат депутатын қабылдады

Мәслихат депутатын қабылдады

Мәслихат депутатын қабылдады
ашық дереккөзі
215
Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Жаңабай Ағабековті қабылдады. Кездесуде тараптар халқы тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысынан республиканың солтүстік өңірлеріне қоныс аударуды ұйымдастыру жұмыстары жөнінде әңгімелесті.             Халық қалаулысының айтуынша, ертең облыс орталығы – Шымкенттен тағы 25 отбасы теріскейге қоныс аудармақ. Олардың көшуіне үлес қосқан кәсіпкерге облыс әкімі алғысын білдіріп, ісіне сәттілік тіледі. Еске салайық, депутат Ж.Ағабековтың бастамасымен осы жылдың мамыр айында Сарыағаш ауданының тұрғындары қатарынан 48 азаматтың Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапары ұйымдастырылып, нәтижесінде 30 отбасы аталған облысқа қоныс аударған болатын. Солтүстіктегі Ш.Уәлиханов және Ақжар аудандарына көшкен жанұялар баспанамен және ауылшаруашылық техникаларымен қамтамасыз етілген еді. Айта кетейік, Елбасының еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандыру бойынша берген тапсырмасын орындау аясында осы жылы Солтүстік Қазақстан облысына 70 отбасы қоныс аударды. Бүгінгі таңда аталған отбасылардың «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде көшу шығындарын субсидиялау үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Серіктес жаңалықтары