ДДСҰ коронавирусты емдеуде тиімсіздігін көрсеткен төрт дәріні атады

ДДСҰ коронавирусты емдеуде тиімсіздігін көрсеткен төрт дәріні атады

ДДСҰ коронавирусты емдеуде тиімсіздігін көрсеткен төрт дәріні атады
ашық дереккөзі
Гидроксихлорохин, лопинавир, интерферон және ремдесивир дәрілері коронавирустан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге ықпал ете алмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды Financial Times.
Мамандар коронавирустан емделген 11 мыңнан астам науқастың деректерін зерттеген. Зерттеу қорытындысы бойынша дәрігерлер жоғарыда аталған препараттар індеттен көз жұму көрсеткішін және жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандардың санын төмендетпегенін анықтады. Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік ғалым коронавирусты қай дәруменнің тапшылығы асқындаратынын айтқан еді. Сондай-ақ, АҚШ ғалымдары коронавирус індетінің жаңа қауіпті симптомын анықтаған болатын. Зерттеу қорытындысы бойынша 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған.