Павлодар мұнай-химия зауытының жаңғырту жобасы таныстырылды

Павлодар мұнай-химия зауытының жаңғырту жобасы таныстырылды

Павлодар мұнай-химия зауытының жаңғырту жобасы таныстырылды
ашық дереккөзі
377
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Павлодар мұнай-химия зауытында болды. ҚР Үкіметінің басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының өндірістік қызметімен және кәсіпорында жаңғырту жобасын іске асыру барысымен танысты. Бұл туралы оны «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай хабардар етті. Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобына қосылған сәтінен бастап ПМХЗ-ның қайта құрылуы мен техникалық қайта жабдықталуына жыл сайынғы шығыстар 3,2 есеге: 2009 жылғы 39 млн. АҚШ долларынан 2015 жылғы 126 млн. АҚШ долларына дейін өсті. «ҚазМұнайГаз» құрылымында жұмыс істеген 7 жылы ішінде «ПМХЗ» ЖШС жабдықты жөндеу мен қайта құруға жеке қаражаты есебінен 459 млн. АҚШ долларын бағыттады. Осы кезең ішінде зауытта жаңғырту жобасын жоспарлы түрде әзірлеу мен іске асыру жүзеге асырылды. Бүгінгі күні ПМХЗ-ның жаңғырту жобасы бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу мен бейімдеу кезеңдері аяқталды, қазіргі сәтте жабдықты жеткізу жалғасуда, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынды жаңғырту жобасының мақсаты – 2017 жылы Кеден Одағының Техникалық регламенті талаптарына сәйкес К4 экологиялық кластағы мотор отынын шығару. Оны іске асыру мерзімі – 2011-2017 жылдар. Құрылыс құны – ҚҚС пен кеден баждарын қоса алғанда, 696 млн. АҚШ доллары. Жобаның жобалау, жабдықты жеткізу және құрылыс салу кезеңдері (Е, Р, С - Engineering, Procurement & Construction) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Қазақстан Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жобаның мердігерлері – румындық  Rominserv S.R.L. компаниясы мен қытайлық NFC («China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd.») компаниясы. 2014 жылы жобаны кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында ол үш іске қосу кешеніне бөлінді: ІҚК-1, 2 және 3. 2015 жылғы мамырда жоба бойынша жұмыстар көлемі Rominserv S.R.L компаниясы және Павлодар мұнай-химия зауыты арасында бөлінді. Rominserv S.R.L компаниясына бірінші іске қосу кешені бойынша жұмыстарды орындау: екі жаңа қондырғыны – жалпы зауыттық шаруашылықтың объектілері бар изомерация мен нафта сплиттерін салу жүктелсе, ПМХЗ-ға екінші және үшінші іске қосу кешендерінің жұмыстары жүктелді. ПМХЗ жұмыстарының көлеміне күкірт шығару мен қалдық газдарды тазалау, аминді регенерациялау, күкіртті түйіршіктеу блогы бойынша жаңа қондырғыларды, қышқыл науаларды бумен жібітудің 2 желісін салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мынадай: атмосфераны айдау, каталитикалық риформинг, вакуумдық газойлді гидротазалау, каталитикалық крекингтің регенераторлық блогы, абсорбация мен газбен фракциялау, нафтаны, дизель отыны мен керосинді гидротазалау қондырғыларын қайта құру кірді. Қазіргі сәтте изомерация мен нафта сплиттерінің қондырғыларын салу алаңында іргетастардың дайындығы 95 %-ды құрайды (9 210 м3 бетон құйылды); металл конструкцияларының 96,6 %-ы (3 754 тонна) монтаждалды. Инженерлік желілер мен жер асты құбырларды монтаждау 94 %-ды; ал технологиялық жабдықты монтаждау – 65 %-ды құрады. Әрқайсысының көлемі 5000 м3 болатын изомеризат сақтауға арналған екі резервуарды жинақтау жалғасуда, бір резервуардың 91,7 %-ы және екіншінің 94,1 %-ы монтаждалды, зауыт шаруашылығының объектілері салынып жатыр. Изомеризация қондырғысын салу жөніндегі жұмыстарға «Владимиртепломонтаж» ресейлік ұйым жұмылдырылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 700-ден астам адам мен 60 техника бірлігі қатысуда. Қазіргі уақытта жұмыс құжаттамасының әзірлеушісі және жабдықтар мен материалдарды сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ екінші іске қосу кешені күкірт блогының жаңа қондырғылары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстырының өндірісі жөніндегі мердігер қытайлық NFC компаниясы күкірт блогы (ІҚК-2) бойынша жұмыс құжаттамасын толық көлемде әзірледі. Отандық «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» инжинирингтік компания» ЖШС құжаттаманың Қазақстан Республикасының нормалары мен ережелеріне бейімделуін жүргізуде.  

Серіктес жаңалықтары