Атамбаев ұлттық мерекелерге орай рақымшылық жариялады

Атамбаев ұлттық мерекелерге орай рақымшылық жариялады

Атамбаев ұлттық мерекелерге орай рақымшылық жариялады
ашық дереккөзі
243
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына орай жарияланған рақымшылық туралы» заңды қабылдады.
Заңға сәйкес, алғаш рет бес жылға сотталғандар және кәмелет жасқа толмағандар; 60 жастан асқан ер кісілер мен 55 жастан асқан әйелдер; I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар; сондай-ақ аса ауыр емес қылмыс жасағандар қылмыстық жауапкершіліктен және бас бостандығынан айыру жазаларынан босатылады. Колония қонысындағылар жазасының жартысы, ал әдейі жасалған қылмыстар үшін 10 және одан аз жылдарға сотталғандар мерзімінің үштен бірі қысқартылады. Кісі өлтіру, зорлық, сексуалдық сипаттағы бұзықтық, қылмыспен тапқан табысты заңдастыру, терроризм, кепілге кісі алу, жаппай тәртіпсіздік қылмыстарына рақымшылық берілмейді. Заң жарияланған күні күшіне енеді және үш айдың ішінде орындалады.

Серіктес жаңалықтары