IT саласының үздіктері анықталды

IT саласының үздіктері анықталды

IT саласының үздіктері анықталды
ашық дереккөзі
ITeachMe инклюзивті лагері мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған  IT білім беру әмбебап жобасының кезекті жеңімпаздарын анықтады. Жоба қатысушылары кез келген төтенше жағдайда оң нәтиже көрсетіп, бос уақытты қоғам мен өзіңе арнауға болатын өз мысалдары арқылы көрсетті. Үш айға созылған қарқынды оқу артта қалып, ең үздік деген 10 студент финалға жетіп, өз жұмыстарын таныстырды. ITeachMe екінші кезеңінің қатысушысы 11 сынып оқушысы Тамирис Башеева: «Егер маған біреу осыдан бір жыл бұрын ITeachMe қорына келгенде өз қорқынышыңды жеңудің сондай қиын емес екенін айтса сенбес едім. Басты мақсат – өзіңді қабылдау және сену, әрбір адам өз жұмысына күш салып, өзін дамытса, жетістікке жетеді. ITeachMe курсынан кейін иллюстраторлық саладағы дағдымды қолданып жұмыс істеп, ақша тауып жатырмын», – дейді. «ITeachMe – бұл үлкен бір отбасы. Бас серіктесіміз «Шеврон» компаниясының қолдауының арқасында ерекше қажетілігі бар жастар IT саласы бойынша білім алып, жұмысқа орналасады. Біз жоба аяқталған соң да қатысушыларымызға қолдау көрсетеміз. Бірінші кезеңнің қатысушылары жаңадан келген қатысушыларға тәлімгер болып жатыр. Алғаш белгісіз бір әлемге тап болғандай қорқып, табалдырығымызды имене аттайтын қыздар мен жігіттер уақыт өте келе ішкі қорқыныштарын жеңіп, жаңадан қабылданған жастарды ынталандырады», – дейді ITeachMe құзыреттілікті дамыту орталығы Қоғамдық қорының Захира Бегалиева. Жобаның үшінші кезеңінің қатысушысы Әнуарбек Майшибаев барлық кедергі біздің басымызда дейді. Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жанмын деп өзіңді шектеп, қолымнан ештеңе келмейді деп те өмір сүруге болады, ал бірақ бұл рухыңды щыңдау, ішкі өзегіңді қалыптастыру өз қолыңда.