Ертеңнен бастап Алматыда театрлардың жұмысы жанданады

Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған.

Қаулыға сәйкес, театрларда отыру орындарының толуы 50% аспауы тиіс.

«Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады», – делінген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясын алдын-алу жөніндегі жаңа қаулысында.

Құжат 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді.

Еске салайық, сондай-ақ Алматыда дәмханалардың, көлік жуу орындарының, көлікке техникалық қызмет көрсету станцияларының, жалпы адаммен байланыссыз жұмыс істейтін нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды.

 

Back to top button