Ұланбатыр мен Алматы арасында жаңа рейс ашылды

/
Ұланбатыр мен Алматы арасында жаңа рейс ашылды
ашық дереккөзі
Ұланбатыр мен Алматы арасында жаңа рейс ашылды Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Ж.Әділбаев Моңғолия үкіметінің Атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және «Хунну эйр» әуе компаниясының басшылығымен бірге аталған компанияның «Ұланбатыр - Алматы» бағытындағы әуе қатынасын ашуға арналған баспасөз конференциясына қатысты.  width= Ж.Әділбаев өз сөзінде Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтап, 2019 ж. 10 қазанда Қазақстанның астанасында өткізілген Қазақстан Премьер-министрі А.Мамин мен Моңғолияның Премьер-министрі У.Хурэлсухтың арасындағы келіссөздерде қол жеткізілген осы бағыттағы әуе қатынасын ашу жөніндегі уағдаластықтың толыққанды орындалғанын атап өтті. Аталған жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды. «Ұланбатыр - Алматы» бағытындағы «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы жергілікті уақыт 13:00 сағатта Моңғолияның астанасынан ұшты.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары