COVID-19: Еуропаның екі елінде антирекорд тіркелді

COVID-19: Еуропаның екі елінде антирекорд тіркелді

COVID-19: Еуропаның екі елінде антирекорд тіркелді
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус жұқтырушылар саны қарқынды түрде өсіп келеді. Өткен тәулікте Еуропаның бірнеше елінде індетке шалдыққандар саны жөнінен рекорд тіркелді. Францияда бір тәулік ішінде 16 972 адамнан коронавирус анықталды. Santé Publique агенттігінің дерегінше, 24 қыркүйектегі рекорд жаңарды. Ол күні індет жұқтырғандар саны 16 мыңнан асқан еді. Пандемия басталғалы елде барлығы 606 625 адам қатерлі вирусты жұқтырған. 32 мыңнан астам науқас індеттен көз жұмды. Ал Ұлыбританияда соңғы 24 сағатта 12 872 адам коронавирус жұқтырған. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл да рекордтық көрсеткіш. Бір күн ішінде 49 науқас қайтыс болды. Ал пандемия басталғалы 42 мыңнан астам адам індеттің құрбаны болды. Еске сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ басшысы әлемде апта сайын коронавирусты 2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып жатқанын айтып, дабыл қақты. Тедрос Адханом Гебрейесус мемлекеттерді адам өмірін сақтап қалу үшін тиісті шараларды қабылдауға шақырды.