Праймериз-2020: танымал әншілер мен спортшылар дауыс берді

Праймериз-2020: танымал әншілер мен спортшылар дауыс берді

Праймериз-2020: танымал әншілер мен спортшылар дауыс берді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы праймеризіне дауыс беру жалғасуда. Алматыда офлайн дауыс беруді таңдаған партия мүшелері таңғы 8.00-ден бері сайлауға белсенді қатысуда. Дауыс берушілердің арасында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, Еңбек Ері Аягүл Миразова, эстрада әншісі Роза Рымбаева, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов және басқа да партия мүшелері бар. Бүгін мегаполистің сегіз ауданында 37 сайлау учаскесі өз есігін ашты. Әрбір учаскеде сайлау комиссиясының мүшелері мен кандидаттардан бақылаушылар қатысады. Учаскелер интернетке қосылған компьютерлік техникамен жабдықталған және стендтерде алфавиттік тәртіппен кандидаттар туралы мәліметтер ұсынылған. Дауыс берушілер үгіт-насихат науқаны кезінде барлық кандидатқа тең жағдай жасалды деген ортақ пікірде екен. Айта кетейік, үгіт-насихат науқаны кезінде праймериз кандидаттарымен 4 мыңға жуық іс-шара өткізілді. Кездесулер аясында жалпы 150 мыңнан астам адам қамтылды.