Праймериз қатысушыларына 523 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерді

Праймериз қатысушыларына 523 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерді

Праймериз қатысушыларына 523 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы праймеризіне дауыс беру жалғасуда. Партияішілік сайлау үміткерлеріне дауыс берудің соңғы нәтижелері мынадай: республика бойынша 787 мыңға жуық адам партия мүшесі болса, соның 523 мыңға жуығы өз таңдауын жасап үлгерді.  Праймериз қатысушыларына дауыс беруде ең белсенді аймақтардың көшін Түркістан, Алматы және Қарағанды облыстары бастап тұр. Ал соңғы орында Маңғыстау облысы. Айта кетейік, сайлау учаскелері бүгін, яғни 3 қазан күнгі 14.00-ге дейін жұмыс істейді. Кеше Орталық ұйымдастыру комитетінің хаттамалық шешімімен Республикалық күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізілгенін еске саламыз. Оған сәйкес, веб-сайт және мобильді қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімін тура бір тәулікке, 2020 жылғы 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін ұзарды. Праймериздің жалпы қорытындысы 5 қазан күні белгілі болады.