472
Теңге бағамы тағы өзгере ме?
Теңге бағамы тағы өзгере ме?
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев девальвацияның жаңа дауы туралы қауесетке өз пікірін білдірді. Теңгенің айырбас бағамының өзгеруіне себеп жоқ. Осылайша ҚР Ұлттық банк төрағасы ақпарат құралдарында ұлттық валюта бағамының долларға қатысы айтарлықтай әлсіреуі туралы жарияланған болжамдарына қатысты пікір білдірді. "Қазіргі уақытта теңгенің бағасы еліміздегі сыртқы және ішкі жағдайларға жауап ретінде өзгеріп отыр. Ақша-кредит саясатында да теңсіздік байқалмайды. Айырбас бағамы айтарлықтай өзгереді деп айтуға ешқандай негіз жоқ", - деді Ұлттық банктің төрағасы Ақышев.
Сонымен қатар, ол Ұлттық банктегілердің айырбас бағамының еркін ауытқу саясатының аясында бағамға ешқандай шектеу қоймайтынын айтты. "Ұлттық банктің операциялары ауқымды өзгерістер мен тұрақсыздыққа шектеу қоюға бағытталған. Қазір мұнайдың бағасы барреліне 40 доллар болып тұр. Ал теңгенің рубльге қатысы 4,6-дан 5,3 теңгеге дейін әлсіреді. Осы жағдайларда ұлттық валюта бағамы сақталады. Егер де мұнайдың бағасы барреліне 35 доллардан төмен болса және рубль барреліне 70 доллардан асып кетсе, теңгенің бағамы өзгеруі мүмкін", - деп түсіндірді Данияр Ақышев.
Еске салайық, осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берген болатын. Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасына Ұлттық банктің ағымдағы қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндаған болатын.