Каратэ - олимпиада ойындарына енді

Каратэ - олимпиада ойындарына енді

Каратэ - олимпиада ойындарына енді
ашық дереккөзі
277

Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада бағдарламасына спорттың 5 түрін қосты. Олай болса араға төрт жыл салып,  Токиода жалауын желбірететін Олимпиада ойындары спорттың бес түрі бойынша спортшыларды сынға салмақ.

ХОК шешіміне сәйкес, 2020 жылы өтетін ойындар бағдарламасына каратэ, серфинг, бейсбол/софтбол, құзға өрмелеу және скейтбординг қосылады. Жаңа спорт түрлерімен қоса Олимпиадада сарапқа салынатын медаль жиынтығы да артпақ.

Жағымды жаңалық лезде жаһанға тарады. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін естіген спорт жанашырлары бір-бірінен сүйінші сұрап, қуаныштарымен бөлісуде. ҚР ММА федерациясының құрметті президенті, саясаттанушы Ерлан Қарин фейсбуктегі парақшасында каратэмен әуестенетін барша жандарды тарихи оқиғамен құттықтады. «Каратэ 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірді! Каратэ мен шығыс жекпе-жегіне қызығатын барша жандарды, әсіресе елімізде каратэнің дамуына аянбай үлесін қосып келе жатқан Жасталап Санауовты осындай тарихи оқиғамен құттықтаймын!», - деп жазған ол парақшасында.

Ал биылғы Рио олимпиадасы ойындарына гольф пен регби қосылған болатын. Аталған екі спорт түрі ХХ ғасырда ұйымдастырылған олимпия ойындарының бағдарламасында болған екен, тек кейінгі жылдары алынып тасталған.

Серіктес жаңалықтары