Олимпиадалық телеарнаның 21 тамызда іске қосылады

Олимпиадалық телеарнаның 21 тамызда іске қосылады

Олимпиадалық телеарнаның 21 тамызда іске қосылады
ашық дереккөзі
Халықаралық олимпиадалық комитет (МОК) олимпиадалық телеарнаның 21 тамызда іске қосылатыны туралы ақпаратты қуаттады. Бұл туралы ХОК 129-сессиясында олимпиадалық канал бойынша ХОК комиссиясының төрағасы Ларри Пробст мәлімдеді. 2014 жылдың желтоқсан айындағы ХОК сессиясында телеарна жайлы айтылған еді. «Олимпиадалық арна 21 тамыз күні қосылады, бірақ әзірге тек сандық платформада ғана болады. Егжей-тегжейі Олимпиада ойындары аяқталған соң, сессия отырысында талқыланады», – деді Пробст. Ұялы қосымшалар мен ресми сайт арқылы арнаны тәулік бойы қарауға болады. Және кейбір мемлекеттер үшін олимпиадалық телеарнаның ұлттық нұсқаларын шығару да жоспарланып отыр.