23 Қыркүйек, 11:59 463 0 Праймериз Анар ЛЕПЕСОВА

Праймериз үміткерлерінің сайлауалды бағдарламасымен QR-код арқылы танысуға болады

Заманына қарай амалы демекші, сандық технологиялар «Nur Otan» партиясының қызметін де айналып өткен жоқ. Уақыт өткен сайын саяси ұйым жұмысын цифрландыруға бұруда. Мәселен, кандидаттар партияішілік іріктеу – праймериздің үгіт-насихаттық жұмысында кеңінен қолдануда.

Бұл бастаманы жетісулық қатысушыларда қолға алған. Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың сөзінше, QR-код қолдану өте ыңғайлы, әрі смартфонмен қажетті ақпаратты толығымен алса болады екен.

«Партия заман ағымына қарай заманауи технологияны пайдалану қажет. Сол себепті де, Алматы облысындағы үміткерлеріміз QR-код қолдану арқылы да үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Өңірімізде кез келген тұрғын үміткердің таратпа қағаздағы (брошюра) QR-кодпен смартфоны арқылы толыққанды мәлімет алып, сайлауалды бағдарламасымен танысса болады» - деп атап өтті.

Жалпы, QR-код анықтамасына тоқталып өтсек, QR “Quick Response - Шұғыл жауап”. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. QR-кодтың көмегімен кез келген ақпаратты кодтауға болады.

Еске салатын жайт, «Nur Otan» партиясы ұйымдастырып жатқан праймериз, яғни партияішілік іріктеу 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтеді. Алматы облысында 1080 үміткер қазіргі таңда бақ-сынасуда. Олар жер жерлерде үгіт насихат жұмысын жүргізіп, пікір-сайыстарға қатысуда. Бүгінгі таңда 60 мыңға жуық адамның қамтылуымен 2000-ға жуық кездесулер ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар