456
«Tengri Bank» лицензиясынан айырылды: банк салымшылары ақшасын қалай алады?
«Tengri Bank» лицензиясынан айырылды: банк салымшылары ақшасын қалай алады?
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды. Банк салымшылары ондағы ақшаларын қалай алады?
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, «Tengri Bank» АҚ жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салымдары, ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларындағы ақшаларына «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) кепілдігі қолданылады.
«Бұл дегеніміз, Агенттік банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезетте өткізу операциясын жүргізуден бас тартқан жағдайда, ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу шарасын жүзеге асырады. ҚДКБҚ өтем төлеуді бастау күнін заңнамада бекітілген мерзімде хабарлайды. Яғни, төлемдерді жүзеге асыру шарасы ресми хабарлама Қор сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде басталады», – делінген Қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.