Дүниежүзілік банк әлем экономикасын қалпына келтіруге қанша уақыт керегін айтты

Дүниежүзілік банк әлем экономикасын қалпына келтіруге қанша уақыт керегін айтты

Дүниежүзілік банк әлем экономикасын қалпына келтіруге қанша уақыт керегін айтты
ашық дереккөзі
424
Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған дағдарыс жаһандық экономиканы әлі біраз титықтыруы мүмкін. Дүниежүзілік банктің бас экономисі Кармен Рейнхарттың пікірінше, әлем экономикасын қалпына келтіру үшін 5 жыл уақыт қажет.    «Карантинге байланысты қойылған шектеулер алынғаннан кейін жедел қалпына келу процесі басталады, бірақ толық қалпына келтіру үшін бес жылға жуық уақыт қажет болады», - деп келтірді Reuters Кармен Рейнхарттың сөзін. Экономистің  айтуынша, індеттің тудырған дағдарыс кей елдерде ұзаққа созылып, теңсіздік мәселесі ушығуы ықтимал. Себебі дағдарыстан бай елдерге қарағанда кедей елдер көбірек зардап шегеді. Сондай-ақ, маман дағдарыс салдарынан соңғы жиырма 20 жылда алғаш рет әлемдегі кедейлік деңгейінің артатынына алаңдаушылық білдірді.   Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы әлемдік рецессияның басталуына себеп болғанын айтқан еді. Мемлекет басшысының сөзінше, әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы ортайған.  Ал Ресей президенті Владимир Путиннің пікірінше, қазіргі дағдарыс 2008 жылғы дағдарыстан әлдеқайда күрделі. Өйткені пандемия әлем елдеріндегі іскерлік белсенділікті шектеп отыр. Мұның салдары тіпті ауыр болмақ. 

Серіктес жаңалықтары