Павлодардық студент бие сүтінен баламасы жоқ табиғи косметика шығарып жатыр

Павлодардық студент бие сүтінен баламасы жоқ табиғи косметика шығарып жатыр

Павлодардық студент бие сүтінен баламасы жоқ табиғи косметика шығарып жатыр
ашық дереккөзі
Павлодарлық 17 жастағы студент әлемде аналогы жоқ табиғи косметикалық өнім шығаруда. Даяна Мукинаның жобасының негізгі ерекшелігі - косметикаға сублимацияланған бие сүтін қосу, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Павлодар облысының дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатын бітірген ол бүгінгі таңда Astana IT University оқу орнының бірінші курсында білім алады. Жас кәсіпкер кофе скрабы, бетке арналған клинсер және бетке және денеге арналған гель шығарады. Барлық өнімдердің негізі - тек табиғи және пайдалы заттар. Косметика терінің барлық түрлеріне жарамды және оны ересектер де, балалар да қолдана алады.  width= «Бие сүтінің рh және адам терісінің рh өте ұқсас. Бұл теріні құрғақ немесе майлы қылмайды және ыңғайлы орта жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан косметика бетінде жаңа бөртпелер мен пиллингтің пайда болуына жол бермейді. Өнім практикалық гипоаллергенді. Құрамында иммуноглобулин және амин қышқылдары бар. Сауылмалыдан басқа, біз әртүрлі майларды, яғни кокос, карит, какао қосамыз. Олар қосымша күтім жасайды, ылғалдандырады және теріні нәрлейді. Ал бие сүті қабыну мен қышуды жеңілдететіп, құрғақ және сезімтал теріге нәзік күтім жасайды», - дейді Даяна Мукина. Жас кәсіпкердің айтуынша, пандемияға байланысты сублимацияланған бие сүтімен қамтамасыз ететін компания уақытша жұмыс істемейді. Сол себепті сатылым уақытша тоқтатылды. Бірақ ол косметикаға қосатын сублимацияланған бие сүті қайтадан шыққан кезде жұмысты қайта жандандыратынын айтады.  width=