COVID-19: Ұлыбританияда жаңа шектеу енгізілді

Ұлыбританияда тұрғындардың алты адамнан артық топтасуына тыйым салынды. Бұған елде коронавирустың қайта өршуі себеп. 

ВВС-дің хабарлауынша, жаңа шектеулер дүйсенбіден бастап күшіне енген. Алайда тыйым мектеп, жұмыс орындары немесе үйлену тойлары, жерлеу рәсімдері және COVID-тен қорғалған командалық спорт түрлеріне қатысты емес.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцина сынағы тоқтатылғанын хабарлағанбыз.

Оксфорд университеті мен AstraZeneca бірлесе жасаған препарат сынақ қатысушыларының біріне кері әсерін тигізген.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, пандемия басталғалы Ұлыбританияда 354 932 адамнан коронавирус жұқтырған. Елде індеттен 41,6 мыңнан астам адам көз жұмды.

Back to top button