Астана-Селтик. Есеп 1:1

Астана-Селтик. Есеп 1:1

Астана-Селтик. Есеп 1:1
ашық дереккөзі
Астана Селтикпен тең ойнады. "Астана" клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы ойында шотландиялық "Селтикпен" тең ойнады, - деп хабарлайды tengrinews Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 27 шілдеде "Астана Аренада" өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның басы белсенді болды. Екі команда да бар күшін шабуылға жұмсады. Бірінші голды ойынның 19 минутында Юрий Логвиненко соқты. Голдан кейін Станимир Стойловтың шәкірттері шабуылды үдете түсті. Азат Нұрғалиев тамаша соққысымен допты қақпаға дәл бағыттаған, алайда "Селтик" командасының қақпашысы Крейг Гордон оны қайтара білді. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталған. Ал екінші таймның 78-ші минутында Дмитрий Шомко қателесіп, доп Патрик Робертске тиді. 19 жастағы форвард Ли Гриффитске доп асырып, ол өз кезегінде допты "Астана" қақпасына дәл бағыттады. Есеп теңесті. Қалған уақытта Стойлов Агим Ибраими мен Джордже Деспотовичті алаңға шығарған. Матчтың соңғы минуттарында Марин Аничич мүмкіндікті қалт жіберді. Есеп өзгеріссіз қалды. "Астана" мен "Селтик" арасындағы қарымта кездесу 3 тамызда Глазгодағы "Селтик Парк" стадионында өтеді. Астана футболшыларына сәттілік тілейміз!