Алматыда жарты миллионнан астам көлік бар

Алматыда жарты миллионнан астам көлік бар

Алматыда жарты миллионнан астам көлік бар
ашық дереккөзі
Алматыда бүгінгі таңда 551 мың 974 көлік құралы тіркелген. Ал қаладағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы - 2 299 шақырым. Бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы жолдарында биылғы жылдың басынан бері жол қозғалысы ережесінің шамамен 440 мың рет бұзылған. Осыған сәйкес ереже бұзған жүргізушілер 1,5 миллиард теңгедей айыппұл төледі. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің деректері бойынша, өткен кезеңде 182 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың ішінде 1 102 жүргізуші көлік құралын мас күйінде айдаған. 2 028 жүргізуші сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айрылды. 54 автоәуесқойға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылса, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1 миллиард 487 миллион 169 мың теңгеге айыппұл салынды. «Жол қозғалысы ережесін бұзу әрекеттерін тежейтін және алдын алатын факторлардың бірі - «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Бұл жүйе 125 бекеттен тұрады. Олардың ішінде 105 - «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бекеті, 10 - ІІД оперативтік басқару орталығының бейнекамерасы және 10 «КРИС-П» мобильді кешені бар. Солардың көмегімен 244 мың 252 құқық бұзушылық әрекет тіркелді. 3 миллиард 359 миллион 011 мың теңгеге айыппұл салынды. Қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігімен бірге қалалық экологиялық «Қоршаған ортаны ластауды азайту бойынша 2009-2018 жылдарға арналған бағдарламаны» жүзеге асыру және техникалық ақауы бар көліктердің қалаға кіруіне шектеу қою бойынша шаралар қолданып жатыр. Мысалы, қалаға енетін негізгі жолдарға орнатылған 10 экрологиялық бекетте пайдаланылған газдың ауаға шығарылу нормасын бақылау бойынша тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда», - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек. Алматы полициясының дерегі бойынша жыл басынан бері қалада экологиялық норма 19 949-дан астам рет бұзылған. Олардың ішінде сырттан келетін автокөліктер тарапынан экологиялық нормаларды бұзу оқиғаларының саны - 13 мың 990. Сәйкесінше, 98 миллион 747 мың 395 теңге айыппұл салынды.