10 млн теңге пара алған мемлекеттік кәсіпорын басшысы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады КТК.

Тергеу мәліметі бойынша, ол шілде және тамыз аралығында бірқатар кәсіпкердің келісімшартына және орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойған. Мекеме басшысы кәсіпкерлерге осындай жолмен қаржы аударғаны үшін пара алған көрінеді. Ол жалпы көлемі 10 миллион теңгені қалтаға басты деген күдік бар.

Қазір қамқор басшы абақтыға тоғытылды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Енді сот алдында жауап береді.

«Лауазымды тұлғаға қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр. Түпкілікті шешімді сот қабылдайды», – дейді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

 

Back to top button