Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының (US Open) ширек финалына шықты. Спортшының әлемнің 15-ракеткасын жеңген сәтінің видеосы жарияланды.

Төртінші айналым матчінде қазақстандық спортшы хорватиялық Петр Мартичті жеңді – 6:3, 2:6, 6:4. Кездесу екі сағат 30 минутқа созылды.

WTA рейтингінде 25 жастағы Путинцева 35-орында тұр, ал 29 жастағы Мартич әлемнің 15-ракеткасы саналады. Бұрын теннисшілер өзара кездеспеген.

Сондай-ақ, турнирде Қазақстан намысын Михаил Кукушкин (үшінші айналымға дейін жетті), Елена Рыбакина (екінші айналымға дейін жетті), Зарина Дияс (бірінші айналымда жеңілді) және Александр Бублик (бірінші айналымда жеңілді) қорғады.

Back to top button