COVID-19: Елімізде 140 науқастың жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігі 7 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 073 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 863 науқас жатыр. 2 210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 140 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

 

Back to top button