Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
ашық дереккөзі
246
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Бауыржан Байбек Елбасына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы мегаполис тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік маңызды нысандарды ашу ісін кестеге сәйкес жүргізу қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға сапалы дайындалып, өткізудің маңыздылығын атап өтті. "Алматы - еліміздегі ең ірі қала. Республика бойынша атқарылатын барлық жұмыс оның дамуына әсер етеді әрі тұрғындарына көрініп тұрады. Биыл қаланың 1000 жылдығы мерекеленеді, келесі жылы - Қысқы Универсиада-2017 өткізіледі. Бұлар - ірі мемлекеттік іс-шаралар. Оларды іске асыру үшін орасан зор жұмыс атқару қажет. Сондай-ақ қаланың күзгі-қысқы кезеңіне дайындықты бүгіннен бастау керек. Өткен кездесуде мен бірқатар тапсырма берген болатынмын, олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажет", - деді Мемлекет басшысы. Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. "Қазіргі кезде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар көлемі 45 пайызға өсті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуға қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жөнінде бизнеспен тығыз жұмыс жүргізілуде. Бүгінде жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Соның аясында бірнеше әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр", - деді Алматы қаласының әкімі.

Серіктес жаңалықтары